Наиб мүфти Ершат Оңғаров Атырауда өткен республикалық конференцияға қатысты (+ФОТО)

Атырауда «Ұлт құндылығы – бабалар аманаты: қазіргі қазақ руханиятының мәселелері»  тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция  өтті.

Конференцияға Дін істер комитетінің өкілдері,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, дінтанушылар мен елімізге белгілі ғалымдар, психолог-сапаршылар қатысты. Мақсат – діни экстремизм мен терроризм идеологиясы таралуының алдын алу.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау, саналы ұрпақ қалыптастыру, заманауи тәрбие мен ұлттық тәрбиені ұштастыру. 


Басқосуға жиналғандар күн тәртібіндегі бірнеше мәселелерге тоқталды. Мәселен, дін мен ұлттық құндылық. Мәдениет, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру. Салт-дәстүр, әдет ғұрыпты кеңінен насихаттау. Бала тәрбесі сынды тақырыптарда баяндама жасады. 

«Осындай шаралардың арқасында біз жастарды ғана емес,тұтас халықты ізгілікке, ауызбіршікке шақырамыз, әрі ұлттық идеологияны қалыптастырамыз» дейді ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.


ЕРШАТ ОҢҒАРОВ, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти:
– Бұл конференцияның маңыздылығы сол  қоғамды ізгілікке, ауызбіршілік ынтымаққа шақыру. Және рухани өмірде болып жатқан  әртүрлі   теріс, жат ағымдардың  алдын алуға  өзінің үлкен  септігін тигізеді.

Әрине , бабалар жолын, ұлт құндылығын насихаттау өте маңызды.  Өйткені, біздің бабаларымыз ежелгі заманнан ислам дініне руханият негіздеген. Ислам дініндегі құндылықтар мен қазақ мәдениетіндегі құндылықтар   біте қайнасқан. Сондықтан, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы  бәрі  осы имандылыққа  үндейді.



ЖАПАЛ ДОЛИЕВ, ҚР Ақпараттық  және қоғамдық даму министрлігі Дін істер комитетінің Діни экстримизмнің алдын алу, үйлестіру басқармасының басшысы:


Құқықтық сауаттылық деген бар. Діни сауаттылық деген бар, сонымен бірге  қазіргі заманның әлемнің сын қатерлер бәрін ескере отырып,  біздің жас буынымыз  медиа сауаттылық деген дағдыға ие болуы керек.

Яғни, фэйк пен фактіні ажырата білулері тиіс. Біздер бұл бағытта жұмыстанып жатырмыз. Өйткені, қазір  негізгі басымдықтарымыз кез келген радикалды контеттерді  бұғаттау, шектеу оның бәрі уақытша шаралар.  Негізгі қарастырып жатқанымыз  алдын алу шараларын күшейту.


Айта өтейік, республикалық ғылыми  – практикалық конференция екі күнге жалғасты. Жиынға қатысушылар екі күн бойы түрлі тақырыптарда өзара пікір алмасып, тәжірибе жинады.

Дереккөз: «Атырау» телеарнасы