Атырауда «Ихсан» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қайырымдылық акциясы аясында 25 отбасына азық-түлік таратылды.

Ізгілік шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды.

«Мешіттеріміз үнемі ізгі істердің ордасы болып жүр. Біздің мақсатымыз – мұқтаж шаңырақтарға үнемі қолдау көрсету» деп атап өтті «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі