«Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы атыраулық жамағатпен кездесті (+ ФОТО)

Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы орталық «Иманғали» мешітінде мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында Ардақ Нүсіпханұлы уақып туралы насихат айтты.

«Уақып – үзілмейтін сауап. Уақып бұл – Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті қайырымдылық жолына арнау немесе бағыштау. Уақып – істелуі ұнамды болған және Аллаға жақындататын хайырлы іс. Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» (Бақара-267) деп, ескерткен. Және бір аятта: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады», (Әли Имран-92) деген» деп атап өтті Ардақ Нүсіпханұлы.

Сондай ақ, Ардақ Нүсіпханұлы «Азан» радиосында сұхбат берді.

Еске сала кетелік, «Уақып» қоры коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы саналады және ол тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, дінип экстремизм мен радикализмнің алдын алу, кадрлардың кәсіби біліктілігін арттырып, дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады.