Атырауда «Мәулімберген» мешітінің жалғама құрылысы қолданысқа берілді

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің жалғама құрылысы пайдалануға берілді.

Осылайша, мешіттің сыйымдылығы артып отыр.

Жалғама құрылыстың пайдалануға берілу рәсіміне ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты арнайы келді. Жұртшылықты Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы құттықтады.

«Азаны бар ауыл азбайды. Мешітіміз осылайша халыққа қызметін жалғастыра береді. Жалғама құрылыстың іске қосылуы үлес қосқан кәсіпкерлерге, ерікті азаматтарға Алла разы болсын» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Еске сала кетелік, «Мәулімберген» мешіті 2004 жылы пайдалануға берілді. Мешітті жеке кәсіпкер Нұрлан Мәулімберген өз қаржысына салдырған.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.