Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев Ерлер түзету мекемесінде «экстремизм, терроризм» бабымен сотталғандармен кездесті.

Кездесу барысында наиб имам Мұрат Мұстафаев мәзһаб ұстану, дін мен дәстүр тақырыптарында насихат айтты.

«Қазақ – ықылым заманнан мұсылман болған халық. Дін мен дәстүр сабақтас деуіміздің де мәні бар. Адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет деген қасиеттер исламмен біте қайнасып жатыр. Себебі, ислам осындай көркем мінезді, ізгілікті насихаттайды. Ислам – ата-ананы құрметтеу, отбасын қастерлеу, бала тәрбиесі, Отанға қызмет етуден басталады» деді ұстаз Мұрат Мұстафаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі