Атырауда орталық мешітте кезекті қайырымдылық шарасы өтті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен, кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Барлығы 30 отбасына ет жеткізіліп берілді.

Ізгілік акциясы көп балалы отбасыларды, сонымен бірге, терроризм бабымен сотталғандардың отбасын және «Жусан» гуманитарлық операциясымен оралғандарды қамтыды.

Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағытының бірі.

Қайырымдылық шаралары еліміздің, соның ішінде, облыс мешіттерінде түрлі форматта ұйымдастырылып келеді. Мұқтаж отбасыларға тұрақты түрде азық-түлік пакеттері, киім-кешектері, қаржы түрінде көмек көрсетіп келеді. Сонымен бірге, мүфтият жанындағы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж шаңырақтарға баспана беріліп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.