Мақат аудандық орталық мешіті мұқтаж отбасыларына қамқорлық көрсетті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен 30 отбасына құрбан малының еті және азық-түлік пакеттері таратылды.


«Қайырымдылық шарасына «ескі Мақат» ауылының азаматтары қолдау көрсетті. Бір ірі қара мал сойылып, құрбан малының етін 30 отбасына тараттық. Және азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Ізгілік шарасына барлығы 600 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.