Мақат ауданында Рамазан айында атқарылатын шаралар нақтыланды

Мақат ауданында Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жоспары нақтыланып, бекітілді.

Мақат ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдары бас қосқан жиында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов Рамазан айында мешіттерде ағартушылық бағыттағы жұмыстарға кеңінен назар аударылатынын айтты.

«Мешіттерімізде намаз алдындағы уағыз-насихаттар, тарауық намазынан бөлек, пәтуа сағаттары өтетін болады. Рамазан – рухани тазару айы. Бұл айда өзіне білім әлемінің есігін ашқысы келген әр жамағатқа жан-жақты қолдау білдіруіміз керек» деді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Еске сала кетелік, Рамазан айы биыл 11 наурызда басталды . Пітір садақа мөлшері – 640 теңге. Бір күннің підиясы 3400 теңге .