Әйелдерге арналған сира марафонының қорытынды жиыны өтті

Әйелдерге арналған сира марафонының қорытынды жиыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында марафон жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

Жиында ұстаз Назгүл Данаева насихат айтып, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірінен тағылымды мысалдар келтірді. Сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттап, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.