Айтқаным Қазалықызы: «Әкем де, атам да репрессия құрбаны болды»

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды.

Ал, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ  31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. 

Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы. Айтулы күн қарсаңында өңірімізден де жала жабылып, бақилық болған боздақтардың ұрпақтарымен сұхбаттасудың сәті түсті. Айтқаным Қазалықызының әкесі Қазалы Тасшановппен атасы Тасжан Есжанов солақай саясаттың құрбаны болған жандардың бірі. Діни сауатты, арабша жақсы білетін жандар болған.

– 31 мамыр – саяси – қуғын сургін құрбандарын еске алу күні. Бұл  күннің кейінгі ұрпақтар  үшін мәні мен маңызы неде деп ойлайсыз?

– Тек бір күнмен шектелмей ұрпақтарымыз білу үшін әрбір маңызды күн, қоғамдық орындарда жиі насихаталса дер едім. Осы орайда, Атырау мемлекеттік универистетінің тарих ғылымының доценті профессор  Шахман  Нагимұлына көп-қөп рахмет. Зертеп, насихатап, ұрпақтарын іздеп кездесу ұйымдастырғаны үшін.

– Білуімше, атаңыз да, әкеңізде халық жауы атанған…

– Атам Ещанов  Тасжан Араб елінен алған мұсылманша білімін елінің жастарына  беру мақсатында өз қаражатына Индер ауданының Бөдене ауылында мешіт салып,  жастарды оқыткан. Соның бір мысалы Бейімбет деген ағамыз. Екі жыл  мешітте білім алып, кейін ауылдықсоветтің хатшысы болып қызмет жасаған.1938 жылы 68 жастағы карияны  ұстап әкетті.

Әрине оның сыры тым әріде жатыр. Ал енді менің әкем Тасжанов Қазалыны Гурьевте  мотористер дайындайтын курста оқып жатқан жерінен түрмеге жапқан. Егіс даласындағы судың егіске кеткендігін әкемнен көрген  кейін, әкем  1939жылы Жезказған қаласындағы атышулы Карлагта өтеген. Ал менің аяулы анамды 120 еңбек ақыкүнді өтемегені үшін Кемероваға жіберіп, мені сол РСФР-да дүниеге әкелді. Әкем Тасжанның баласы болғаны үшін анам Қазалының жолдасы болғаны үшін атам қажы молда болғаны үшін жапа шекті

– Репрессия  құрбандарының ұрпағы болу қандай жауакершілікті жүктейді?

– Репресия құрбандарының  ұрпағымын. Бірақ біз барлық әкеміз көрген бинеттің қасында ештеңе емес деп төзімді болдық. Әке шешемізді ренжіткен емеспіз. Әкеміз елден қанша жапа шекседе ешкашан жамандаған емес тіпті Ресейде тұрып қалатын мүмкіншілігі болса да елге  келді. Жапа шектіріп жалған айтқан куаларды айтып жамандаған емес. Адамды,отанды суюді, өзіміздің қазағымызды суюді үйретті.

Сондықтан болмашыға бола біздің казактар осындай ғой деп күншілдік танытпай кішкентай жаксылығын көрсек мадақтап   болайық.  Менің қызым Президенттің Жарлығымен шетелде білім алуға кеткен 1000 қазақстандық жастың бірі. Қазір Ресейде тұрады. Қазакстан мен екі ортадағы алтын көпір сияқты. Өз тілінде  сөйлейді, екі баласы бар. Москвада орыс жігітімен жанұялы. Ақыры менің кіндік каным Ресейде тамғандықтан  болар, тұңғышым сол жаққа кетті. Бірақ ешкандай өкінбеймін, жалғыз қызым Ресейде бақытты өмір сүріп жатыр.

Өмірді суюді ,өзіңді кұрметеуді ,жақсыға куануды, жаманды жұбатуды үйреткен аяулы анам мен әкемді ,кажы болып бала оқытқан ақылды атамды мақтан тұтамын.

Сұхбаттасқан: Нұркен Әмірашев