Алаш мұрасы һәм руханият

Алаш қозғалысы қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын сақтау, дамыту, жаңғырту жолында маңызды рөл атқарды. Алаш зиялылары ұлттық руханиятты, мәдениет пен ғылымды дамытуға көп көңіл бөлді. Олар қазақ тілін сақтау, ұлттық білім беру жүйесін құру, әдебиет пен өнердің дамуына ықпал етті. Осы орайда алаштанушы, жазушы Елдос Тоқтарбаймен сұхбаттасқан едік.

  • Ассалаумағалейкүм! Елдос мырза қалыңыз қалай? Алаш мұрасын кеңінен зерттеп жүрсіз. Қазіргі жас ұрпаққа берер тәлімі қандай?
  • Біз алашты насихаттау арқылы Абайды, Махамбетті, кешегі жырауларды, одан әрі Тоныкөк, Күлтегіндермен таныстыра аламаз. Біз білетін алаш Абайды ақыл, Махамбетті  рух ұстазы қылып екі қанатын тең ұстады. Алаш мұрасы осының бәріне жол ашып береді. Өйткені Пайғамбарлар мен сахабалардың, Яссауи мен Әл-Фарабилердің заманы бізден тым алыс. Арада қанмаша жолдар жатыр. Ал алаш бізден жүз жыл ғана өмір сүрді. Олардың суретіне қараңыз, киген кастюмі, галстугын қараңыз қандай оқыған тоқыған еуропалық стильде болса да ұлттық құндылығынан ажырамаған. Шаһид кеткендеріне жүз жыл болса да бізге ең жақын тарих осы. Осы мақсатта жұмыстанып келеміз.
  • Алаш мұрасына қатысты біз білмейтін қандай дүниелер бар?
  • Біз алаш тарихын толық танып біткен жоқпыз. Алаш қозғалысының 15 жылдың ішінде бас-аяғына қатысқан ең алғаш 12 747 адам халықаралық құзырхатына қол қоятын болса, содан бастап біздің ағартушылар, білімді, ғылымды адамдар қалыптасты.  Жиырма бес мың қайраткер атлып кетті. Соның 13 787-сі кітап жазған, интеллектуалды өз заманынынң шынайы білімді адамдары еді.  Әр тұлғаны жеке-жеке қазақ қоғамына танытуымыз керек. Алаштың шығармаларын қарап отырсаңыз жүрек мәселесін көтереді. Жүрекпен сүю, жүрекпен ұлтқа қызмет ету, жүрекпен жаз дейді. Жүрегіңе дүниені байлама,жүрегің таза болсын дегені. Сол атылып кеткен жандардың барлығы ұлтына жүрекпен қызмет етті.
  • Қазақ әдебиетіндегі алаштың орны қандай болды?
  • Біздің қазақтың әдебиеті өнері мен жауһарлары кең таратды. Біздің халық санасы таза, ойы еркін болды. Кешегі жарулар поэзиясы мен жыр-дастандарды құймақұлақ жаттап алып, ел арасына таратты. Кейін советтік идеология барлығынан айырды. Біздің жадымызды өшірді. Осы құндылықтардың барлығын алаш қайраткерлері қайта жаңғыртты. Кешегі Бұқар, Шалкиіз, Шал ақындардың жырлары қандай еді. Қазақ қашанда мұсылманшылықтан ажырамаған. Қазір қызық қуатын заман емес, оқығандар сол ісін елге, болашаққа жеткізуі керек.
  • Рахмет!

Сұхбаттастқан: Нұркен Мағриденұлы