Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мұнайлы өлке орталығында орналасқан «Дина» базары жанындағы намазханаға барды.
Намазхананың ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.
«Соның ішінде, намазханаға жөндеу жұмыстарын жүргізу, келуші жамағатқа тұрақты дәріс өткізу, уағыз-насихат айту бағыттарында тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта елдігімізді сақтап қалу маңызды. Ислам – бейбітшіліктің діні. Біз исламға көркем мінез, адамгершілік қасиеттер арқылы келуіміз керек. Сондықтан, тыныштық, бірлік, татулық, бауырмалдық тақырыптарында көбірек насихат айтылуы қажет» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.