Атырауда «Дина» базарындағы намазхана қайта пайдалануға берілді

Атырау қаласында «Дина» базары жанындағы намазхана күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді.

Намазхананың қайта жаңартылып, қолданысқа берілу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, келушілерді құттықтады.

Базар жанындағы намазханаға бір мезгілде 300 адамға дейін құлшылық жасай алады. Намазхана жолда жүрген жолаушыларға базарға келген тұрғындарға және базарда қызмет ететін жұмысшыларға намазды қаза етпей оқуға мүмкіндік беріп отыр.

«Намаз – мұсылманға міндеттелген бес парыздың бірі. Саналы түрде Аллаға құлшылық ету жолын таңдаған бауырларымызға қазіргідей қым-қуыт кезеңде намазды қазасыз өтеуіне мүмкіндік сыйлап отырған намазхананың қайта жөндеуден өтіп, есігін ашуы – көптеген адамға қуаныш сыйлап отыр. Бұл – үлкен жаңалық» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.