Арман Қуанышбаев Жылыойда кәсіпкерлермен кездесті

Белгілі ұстаз Арман Қуанышбаев Жылыой ауданына сапары аясында Жылыой аудандық мешітінде жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз Арман Қуанышбаев адал кәсіп жасау тақырыбында насихат айтты.

Әр мұсылман адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге жіті көңіл бөлуі тиіс. Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адал еңбек жасап жүрген мұсылмандарды мақтап, адал несібе іздеуге үндеген көптеген хадистері бар. «Құлшылық он түрлі нәрседен құралады. Бұл он нәрсенің тоғызы адал ризық іздеуде», – дейді.

Сондықтан, мұсылман адам жұмысының беделі жоғары не төмендігіне, жеңіл не ауырлығына, табысының аз не көбіне емес, бірінші кезекте адалдығына мән беруі керек. Сонда таза, адал еңбек Алла Тағала алдында мәртебелі болмақ. Жалпы, шариғат бойынша, адал кәсіп жасаудың өзі құлшылық болып есептеледі» деп атап өтті ұстаз Арман Қуанышбаев.