Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысының «қызыл аймақа» енуіне орай, мешіттерде санитарлық талаптар күшейтіліп жатыр.
Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде күрделі дезинфекциялық жұмыс жүргізілді.
«Ондағы мақсат – санитарлық талаптарды сақтай отырып, мешіт қызметкерлерінің және жамағаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Пандемия жағдайына байланысты, бұған дейін де облыстың барлық мешіттерінде санитайзерлер орнатылып, санитарлық кілемшелер төселген болатын. Дезинфекциялық жұмыстар енді апта сайын демалыс күндері өткізіліп тұрмақ» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар Атырау қаласында көбейіп келеді. Өткен тәулікте Атырау облысында 75 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.