Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде сұхбат берді.
Пара алудың қоғам, ұлт болашағына зияны, жемқорлықтың діндегі үкімі туралы айтқан Алтынбек Ұтысханұлы жаман қасиеттерді жақсы қасиеттермен алмастыруға шақырды.
«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Яғни, әр адам өзін парасаттылыққа қарай тәрбиелеуі керек. Қай салада болмасын, адам адал еңбек етуге ұмтылуы қажет» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, әлеуметтік желілер арқылы тараған еркін форматтағы сұхбатты Бас имам Алтынбек Ұтысханұлынан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт алды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.