Жылыойда репрессия құрбандары рухына дұға жасалды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу датасына орай, Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев зобалаң жылдары шейіт болғандардың рухына дұға бағыштады.

«Қилы-қилы тағдырды бастан кешірген халқымыздың , еліміздің тарихын ұмытпау, қастерлеу – біздің парызымыз. Зобалаң жылдары қанды саясаттың құрбаны болғандар мәңгі есімізде» деді Жасұлан Қағазғалиев.