Атырау өкілдігі бойынша әйел-қыздар секторының жауапты өкілі тағайындалды

ҚМДБ жанындағы әйел-қыздар секторының өңірдегі жауапты өкілі болып Данаева Назгуль Медерқызы тағайындалды. Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

2000-2001жж – Береке қарилық орталығында білім алған;
2002-2005жж -Халықаралық Қазақ-Араб университеті;
2019-2021жж – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
2022-2024жж – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті:
2024 жылдан бастап- РФ Қазан қаласында Ислам инсититутында магистартурада білім алуда.

Жұмыс тәжірибесі:
2005-2006 жж- Береке медресесінде ұстаз;
2006-2007жж- Орал қаласындағы орталық мешітінде әйелдер-қыздар секторының өкілі;

2024 жылдан Атырау қаласы, Әр-Рахман мешітінің ұстазы және «Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы болып қызметін атқарды.

Бас мүфтидің бұйрығымен 2025 жылдың 16 мамырынан бастап “Иманғали” орталық мешітінің ұстазы және әйел-қыздар секторының өңірдегі жетекшісі болып тағайындалды.

Өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жаңа маманға бірқатар тапсырмалар беріп, өңірдегі әйел-қыздар секторының жұмысын жандандырып, ақпараттық-насихат, шәкірт тәрбиелеу сынды ағартушылық жұмыстарды қолға алуды тапсырды.