Атырау қалалық Құспан молла мешіті ашық аспан астында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға түскі ас таратты.
Барлығы жиырма адам қамтылған қайырымдылық акциясын мешіт ұжымы ұйымдастырды.
«Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.