Атырауда «Мәулімберген» мешіті жылды қорытындылады

«Мәулімберген» мешітіндегі жыл ішіндегі басты жаңалық – құлшылық үйіне жапсарлас ғимарат салынды.

Соның ішінде, жаңа оқу залы келуші шәкірттерге заман талабына сай білім беруге жағдай туғызды. Және жапсарлас ғимарат мешіттің сыйымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Алдағы уақытта қайырымдылық саласына, жастармен ағарту жұмысына және оңалту бағытындағы іс-шараларға көбірек назар аударуымыз керек. Жастарымыздың арасынан болашақ дін мамандарын дайындауға үлес қосатын болсақ, бұл біз үшін үлкен абырой» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.