Атырау қаласындағы Cұлтан Бейбарыс мешіті қасиетті жұманың құрметіне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қала көшесін тазалап жүрген қызметкерлерге ыстық тағам мен кофе таратылды.
“Еріктілердің көмегімен ұйымдастырған шараның мақсаты – жақсылықты насихаттау. Біз бір-бір бауыр көрген халықпыз. Қаламыздың тазалығын сақтап, қоршаған орта тазалығына үлес қосып отырған бауырларымызға осылайша жылулық сыйлағымыз келді” дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.