Атырауда 100 балаға Рамазан тәттілерді таратылды (+ ФОТО)

Атырау қалалық Құспан молла мештінің ұйымдастыруымен, «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйытқы болуымен “Рамазан сыйы” жобасы аясында 100 балаға рамазан тәттілері таратылды.

Балаларды қуанышқа бөлеген игі шараға облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, бүлдіршіндерді қасиетті аймен құттықтады.

«Сіздерді мүбарак болған Рамазан айымен құттықтаймын. Осы айдың берекетін сезіндіру мақсатында біз сіздерге тәттілер беріп, көңілдеріңізге қуаныш сыйламақпыз. Осы іске атсалысқан ағаларыңызға жақсы тілек тілеп, дұғаларыңызға қосып жүріңіздер. Оқуда озат, талапты, ғылым-білім игерген елдің абыройлы азаматы болыңыздар», – деп тілегін білдірді Бас имам.

Айта кетейік, «Рамазан сыйы» жобасы аясында облыс көлемінде қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.

Бірінші кезекте мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты және де «Жусан» арнайы операциясы арқылы елге оралған отбасыларға қайырымдылық көмектер көрсетілуде.