Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қалалық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
“Құспан молла” мешітінің бас имамы Эммат Сұлтанғалиұлы тарихи мешіттің күрделі жөндеуден өтіп, қайта салынғаны, қазіргі таңда замануи құралдармен жабдықталғаны жөнінде баяндады.
Еске салсақ, Құспан молла мешіті кеңестік кезеңде сол кездегі дін ғалымы Құспан молла Нұрмұқашұлының жетекшілігімен ашылған.
Қиын-қыстау шақтарда мұсылмандардың бас қосатын ордасы болып саналған тарихи мешіт бүгінде қайта тұрғызылып, халыққа қызмет көрсетуде. Мешітте ерлер, әйелдер залы мен тахаратханасы, әкімшілік ғимараты, кітапхана, асханамен жабдықталған.
Бас имам Болатбек Ұласқанұлы мешітте дәріс алып жатқан шәкірттермен кездесіп, зәулім мешітте құран үйрену алланың нығметі екендігін жеткізе келе белсенді шәкірттерге алғыс хат табыстады. Сондай-ақ мешіт имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді.




