Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің мәжілісі өтті.
Жиында сектор жетекшісі Ардақ Ибраймова бастаған ұстаздар тобы Әйел-қыздар секторы тарапынан жыл бойына атқарылатын жұмыс бағытын талқылап, іс-шаралар жоспарын бекітті.
«Биыл ағарту бағытындағы жұмыстарға көбірек назар аударатын боламыз. Және ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, зияткер қазақ әйелі сынды тақырыптарды қамтитын ауқымды шаралар жоспарланып отыр. Біз «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді» тербеткен қазақ аналарының даналығын дәріптеуіміз керек» деп атап өтті сектор жетекшісі Ардақ Ибраймова.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.