Қажылыққа жолдама ұтып алыңыз! Атырауда зияткерлік жарыс өтеді! (+ ВИДЕО)

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен зияткерлік сайыс өтеді.

Сайыс – адамзаттың ардақтысы, екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірбаянын насихаттау мақсатында ұйымдастырылғалы отыр. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың ғұмырнамасы туралы ілімді жетілдіруге арналған сайысқа 16-50 жас аралығындағы кез-келген азамат қатыса алады.

Сайыс сұрақ-жауап форматында өтеді. Үміткерлердің білімін білікті дін ғалымдары, ұстаздар сараптайды.

Бас жүлде – кіші қажылыққа жолдама. Жүлделі орындарға қаржылай сыйақылар табысталады.

Сайыс 28 қаңтар күні сағат 10.00-де Атырау қаласы, Әбілхайыр хан 58 даңғылында орналасқан Абай орталығында өтеді.

Тіркелу үшін ұстаз Мақсат Қайратұлына +7 708 524 9894 байланыс номері арқылы жазылу сұралады.

Үміткерлерді тіркеу 27 қаңтар күні аяқталады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.