Рухани кеш аясында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және сахабалар өмірінен шағын қойылымдар көрсетілді.
Шағын құрамда өткен рухани кешті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.
«Мәулітті атап өтудің негізінде Пайғамбар(с.ғ.с)-ға деген сүйіспеншіліктің жатқаны аян. Алғашқы үш ғасырда (сахаба, табиғин, атбағут-табиғин) Мәулітті ресми түрде тойлау әдеті болмаса да, мұсылмандар жыл санауды белгілеуге қатысты айтылған ұсыныстардың ішінде Пайғамбарымыз(с.ғ.с)-дың туған күнінің де болуы, сахабалар арасында осы күннің ерекше болғандығын көрсетсе керек» дейді ұйымдастырушылар.
Шара аясында бұған дейін әйел жамағаты арасында онлайн форматта өткен жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.