Атырау облысының әкімі Бас имамға алғыс айтты

«Рухани келісім» күніне орай, Атырауда бір топ дін қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бар.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жолдаған «Алғыс хатты» Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев салтанатты жағдайда табыс етті.

«Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында бейбітшілік пен бірлікті, конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту, қоғамдық қатынастарды жетілдіру жолында елеулі еңбегіңіз үшін алғыс айтамын» деген хатта.