Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Иманғали» мешітінде сенбілік шарасы өтті.
Мешіт айналасына тазалық жүргізген әйелдер жамағаты сондай ақ, мешіт ауласын көгалдандыруға атсалысты.
Бірнеше түп жеміс ағашын отырғызған әйелдер жамағаты осылайша, қайырлы іске атсалысып отыр.
«Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген аталы сөз бар. Асыл дінімізде де тал егу, жеміс ағаштарын отырғызу сауапты амал саналады» дейді Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Ардақ Сайынқызы.