Атырауда «Ихсан» мешітінде рухани кеш өтті

Атырауда «Ихсан» мешітінде ерлер жамағатына арналған рухани шара өтті.

Рухани кездесуде «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы жамағат бірлігі, ынтымақ тақырыбында насихат айтты.

Шараға арнайы шақырылған «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Наркес Боханов ер адамның отбасы алдындағы міндеттері туралы насихат айтты.

«Ер адам отбасының тамағын, киімін, басқа да қажеттіліктерді тауып беріп отыруы қажет. Еңбектенбей өзіне жүктелген міндетті ескермей, жалқаулыққа салынып отбасына мән бермей,  көңіл бөлмей жүрген жандар қияметте жауапқа тартылады.   Алла Елшісі  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір күні сахабаларына: «Адамның ең жаманы отбасына қиыншылық көрсеткен кісі» деп атап өтті ұстаз Наркес Боханов.