Қажылықта жүрген қазақстандықтар соғыс құрбандарына дұға жасады

«TAWAF TRAVEL» қажылық компаниясы арқылы қасиетті қажылық парызын өтеуге кеткен қазақстандықтар Арафат тауында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде опат болған майдангерлер рухына арнап, дұға бағыштады.

«Дұғалар қабыл болатын қасиетті мекендеміз. Дұғаларымызды қабыл ет, Алла! Елімізді, жерімізді жаудан қорғаған ата-бабаларымыздың рухына дұға бағыштаймыз. Алла олардың рухын шат қылсын! Жаратушы Иеміз дұға-тілектерімізді қабыл етсін!» деді қажылар.