Атырауда «Алмалы құс» фабрикасы өнімдерінің сапасы тексерілді

ҚМДБ жанындағы «Халал ДАМУ» ЖШС-нің бас сарапшы технологы Айжан Омарова Атырау облысына сапары аясында өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Алмалы құс» фабрикасында болып тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Мекемеде тауық өнімдерінің сапасы, қоректік заттары және санитарлық талаптардың заңдылығы қаралды.

Тексеріс нәтижесінде мекеменің ҚМДБ халал стандарттарға сай жұмыс жасап жатқандығы анықталды.

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Атыраудағы өкілі Қайрат Аманжолұлы мекеменің өнімдерін облыс тұрғындарының әркез сұранысында екендігін айта келе,адалдық ұғымдарын әр қызметші жіті түсінуі керектігін атады.

Еске сала кетейік, «Алмалы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс фермасы – 2013 жылғы 31 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданының аумағында іске қосылды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал стандарт» сертификаты аталмыш мекемеге 2021 жылдың наурыз айында табысталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.