Халал стандарт: Атырауда 16 мекемеге жоспарлы тексеріс жүргізілді

«Халал Даму» мекемесінің бас сарапшысы Айжан Омарова мен аймақтық өкіл Қайрат Аманжолұлы Атырау қаласында орналасқан 16 мекемені жоспарлы тексеруден өткізді.

Солардың ішінен «Morocco» және «Coffee River» асханалары өз сертификаттарын жаңартқан болса, «Rumman» және «Тағам» асханалар желісі халал стандарттарын қатаң сақтаумен ерекше көзге түсті.

«Алмалы құс», «Sancak», «Lanzhou», «Maki Maki», «Gippo», «Bomazza», «Шоқ донер», «Ташкент палау» орталығы, «Iris», «Асыл Агро» мекеме мамандарына халал тақырыбы бойынша түсініктемелер жасалды.

Сонымен қатар, халал сертификат алуға үміткер «Зәуреш тәттілері» және «Тәп -тәтті» цехтары тексерілді.