Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысты.
«Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған әйел адамдармен өткен кездесуде асыл дініміз туралы мәлімет беріліп, қоғам тұтастығын қамтамасыз етудегі исламның ролі туралы айтылды.
Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев мешіттермен бірге, отбасында да ата-ана діннің төркінінен хабардар болып, ұрпақ тәрбиесінде дін мен дәстүрді сабақтастыра білсе, жастардың бойына имандылық пен білімді сіңіре алатынымызды айтты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.