Атырау мешіттерінде жамағатқа сый жасалды

Бүгін қасиетті жұмамен тұспа-тұс келген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні құрметіне орталық «Иманғали» мешітінде жамағатқа «Намаз оқып үйренейік» кітабының 1000 данасы сыйға тартылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан Бас мүфти тапсырмасымен тұңғыш рет жарық көріп отырған кітапта намаз оқудың барлық тәртібі жазылған. Және бір ерекшелігі, кітапта QR код бар. Сол арқылы жамағат намаз оқу үлгісінің аудио, видеожазбасын да тыңдап, көре алады.

Орталық «Иманғали» мешітінде жұма насихатын жүргізген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кітапты таныстырып, жамағатты ел бірлігін сақтау жолында жұмылуға, иманды болуға, Отанды сүюге үндеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.