Жылыой ауданының бас имамы тасаттыққа қатысты

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында жергілікті тұрғындар тасаттық берді.

Аталмыш шараға қатысқан Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев ихсан ілімі, ысырапшылдыққа жол бермеу турасында уағыз айтты.

«Кемел адам дегеніміз қандай адам? Кемел адам – ол жақсылық қасиеттерді бойына сіңірген, ізгі істерге амал ететін, өзіне тілегенді өзгеге де шын нәсіп болуын Жаратқаннан сұрайтын адам. Кемел адам исламда тыйым салынған ысырапшылдық, тәкаппарлық сынды қасиеттерден бойын аулақ ұстайды» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Шара барысында жамағатқа «Ислам таластыра ма, жарастыра ма?» кітабының бірнеше данасы таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.