Атырауда “Халил ұста” ет өнімдері дүкені халал сертификатын алды

Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев  “Халил ұста” ет өнімдері дүкенінің басшысы Халил Рамазанұлына ҚМДБ-ның халал стандарт сертификатын табыс етті.

Аталған ет дүкені Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы ,  15 Блок А мекен-жайында орналасқан.  

«Аталмыш мекеменің қызметі  – Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою ЖШС СТ 96090-2-2021 стандартына сай екендігін растайды.


Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.

Сертификаттың  мерзімі  24.04.2023 жылға дейін жарамды.

Еске сала кетелік, «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.

2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.