Қайырымдылық шарасын Атырау қаласына қарасты Геолог ауылындағы «Ихсан» мешіті жанындағы «Әйелдер-қыздар секторы» ұйымдастырды.
Жәрмеңке аясында аталған сектор мүшелері сүт, нан өнімдерін келушілерге ұсынды. Түрлі азық-түлік сатылған жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылық мақсатта жұмсалатын болады.
Яғни, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пакеттерін жеткізіп беру жоспарда.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағытының бірі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.