Атырауда «Ихсан» мешітінің ауласына ағаш егілді

Ондаған түп ағаштарды егу жұмысына мешіт жамағаты, әжелер мектебінің өкілдері атсалысты.

Осылайша, Атырау қаласына қарасты Геолог ауылында орналасқан «Ихсан» мешіті алдағы уақытта жасыл желекке оранған керемет орынға айналады деген үміт бар.

«Жасыл желек – жанға сая. Биік шарбақтан гөрі, мешітімізді жасыл желек көмкеріп тұратын болса, бұл жақсы іс болар еді. Әрі ауа тазарады, әрі талдарды суарып, баптау ісіне барлығымыз атсалысатын боламыз. Бұл – табиғатқа да қамқорлық. Игі іске ауыл жастары, жамағатпен бірге, ақжаулықты аналарымыздың да үлгі болып қатысуы қуантады» дейді «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Еске сала кетелік, қыркүйек айында Геолог ауылында 850 орындық мешіттің ашылу салтанаты өткен болатын.