Атырауда «Rumman» тамақтану орнының халал сертификаты жаңартылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Дәурен Ермаханбетұлы «Rumman» фаст-фуд өнімдерінің басшысы Қуанышбек Қабдрахманұлына жаңартылған «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Атырау қаласы, Тұран көшесі 22а мекен-жайында орналасқан «Rumman» дәмханасының халал сертификатының мерзімі 20.10.2023 дейін жарамды.

«Аталмыш «Rumman» фаст-фуд өнімдері – «Қоғамдық тамақтану қызметтері» ЖШС СТ 96090-3-2021 стандартына және «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген құжатта.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.