«Халал даму» мекемесінің өкілдері «Дина» базарындағы қасапшылардың жұмысын тексерді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал даму» мекемесінің Атырау облысындағы өкілдері Атырау қаласындағы «Дина» сауда орталығында орналасқан ет павильондарына тексеру жүргізді.

Сондай ақ,  ҚМДБ «Халал даму» мекемесінен арнайы оқытудан өткен қасапшылардың куәлік –  сертификаттарына тексеру жүргізілді.

Тексеріс нәтижесінде арнайы куәлігі бар қасапшының сертификатын оның рұқсатынсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды.

«Мұндай тексеру жұмыстары жиі жүргізілетін болады. Біздің мақсатымыз – халық көп қызмет алатын осындай сауда нүктелеріндегі азық-түліктің халал стандартқа сай болуы» дейді «Халал даму» мекемесінің атыраулық өкілдері.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.