Атырауда «Халил ұста» ет дүкендер желісінің халал сертификаты жаңартылды

Атырау қаласындағы «Халил ұста» ет дүкендер желісінің 4 сауда нүктесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» мекемесінің халал сертификатын сәтті жаңартты.

Халал сертификаттарын «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша өкілі Назарбай Базарқұлұлы табыстап, кәсіпорын ұжымына адал әрі сапалы өнім өндіру жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Жаңартылған халал сертификатын алған сауда нүктелері төмендегі мекенжайларда орналасқан:

  • Нұрсая ықшам ауданы, 15-блок «А»;
  • Махамбет Өтемісұлы көшесі, 107;
  • Вокзал маңы ықшам ауданы, 5/7;
  • Сәтбаев даңғылы, 32.

ҚМДБ-ның «Халал Даму» стандарты өнімнің шариғат талаптарына сай дайындалуын, сақталуын және сатылуын жүйелі түрде бақылауды көздейді. Сертификаттың жаңартылуы кәсіпорынның халал талаптарын тұрақты түрде сақтап келе жатқанын айғақтайды.