«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Жылыой аудандық мешітінде Әскерилендірілген теміржол күзеті Құлсары станциясы атқыштар тобы мекемесінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылып, оларға қолдау көрсетілді. Бұл қайырымдылық акциясы қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеп, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға бағытталды.
Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Думан Мұратұлы игі іске үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіріп, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті.




