ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Баянғали Санат Мұратұлы Индер ауданындағы «Әйіп қажы» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.
Баянғали Санат Мұратұлы – биыл Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті түлегі.
Қасиетті жұма күні мешіт жамағатына жаңа наиб имамды ауданның бас имамы Ералы Жұбанұлы арнайы таныстырып, оның діни қызметіне сәттілік тіледі.
Бас имам өз сөзінде жас маманның алған діни білімі мен біліктілігін ел игілігіне жұмсап, жамағаттың рухани тәрбиесіне қызмет ететініне сенім білдірді.


