Мақат ауданында өткен көшпелі мәжіліс барысында Атырау облысының имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен концептуалдық құжаттарды талқылады.
Олардың қатарында Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар бар.
«Мәселен, кеңес былтыр қабылдаған құжаттардың басым көпшілігі заманауи және тұрмыстық мәселелерге қатысты болды. Олардың қатарында қоғамды алаңдатқан екпе егу, төлем карталарын қолдану, ЛГБТ үкімі, парақорлық, жалға алған мүлікті жалға беру, ұрық донорлығы секілді көкейкесті мәселелер бар. Біз осындай проблемалық жайттардың үкімін бұқара арасында кеңінен насихаттауымыз керек» деп атап өтті жиында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесі 2021 жылы 23 пәтуа қабылдады.
Пәтуалардан бөлек, былтыр кеңес жұмысында 2 құжат пен 2 ғылыми жоба бекітіліп, 2 мәлімдеме жарияланды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.