Атырауда имамдар жылды қорытындылады (+ ФОТО)

Бүгін Атырауда облыс имамдары жылды қорытындылады.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өткен жиын қасиетті Құран оқумен басталған жиында өңірдің бас имамы жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Ислам және дәстүр құндылығы” жылы деп жариялады. Аталған жыл аясында облыс көлемінде бес бағыт бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Біздің басты мақсатымыз – Алланың разылығын көздеп қызмет ету. Сонда ғана жұмысымыз жүйелі әрі халық алдында абыройымыз асқақ болады» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиында Атырау қаласының бас имамы және ауданның бас имамдары есеп берді. Жыл бойы үздік деп танылған имамдар марапатталды. Атап айтқанда, “Үздік имам—2024” аталымын Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлына табысталды. Бес бағыт бойынша үздік нәтиже көрсеткен имамдарға да алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.