Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар қамтылды.
Барлығы 25 отбасы қамтылған қайырымдылық акциясы карантин талаптарын сақтау мақсатында ашық аспан астында өтті.
«Қайырымдылық – мүфтият бекіткен басым бағыттардың бірі. Мұсылманға мұсылманның көмектесуі парыз. Мұқтаж жандарға қолдау қашан да жалғасады» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.