Атырауда «Иманғали» мешітінде 25 отбасына азық-түлік үлестірілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар қамтылды.

Барлығы 25 отбасы қамтылған қайырымдылық акциясы карантин талаптарын сақтау мақсатында ашық аспан астында өтті.

«Қайырымдылық – мүфтият бекіткен басым бағыттардың бірі. Мұсылманға мұсылманның көмектесуі парыз. Мұқтаж жандарға қолдау қашан да жалғасады» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.