Атырауда «Мәулімберген» мешіті ұжымды Құрбан айтпен құттықтады

Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай ұжымға арналған құттықтау шарасы өтті.

«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов ұжымды Құрбан айтпен құттықтап, арнайы дастархан жайды. Рухани басқосуда имам Мақсот Бағытжанов ұжымға еңбегі үшін алғысын білдірді.

«Үнемі уақытпен санаспай, Алла разылығы үшін мешітте қызмет қылып жүресіздер. Құрбан айт күндері де ұжым бірлігін көрсетті. Көптеген отбасыларға құрбан малының еті уақытымен жеткізіліп, алғыс алдық. Баршаңызға амандық, еңбекте табыс тілеймін» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов .