Атырауда «Мәулімберген» мешіті балаларды Республика күнімен құттықтады

Атырау қаласының Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешіті 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай, балаларды құттықтап, сыйлықтар таратты.

Мерекелік шараға «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов қатысып, балаларға ізгі тілектерін арнады.

«Елге қызмет дегеніміз не? Елге қызмет – оқу, білім алу, аянбай адал еңбек ету және Отанды жан пида етіп қорғау. Ал патриот дегеніміз кім? Патриот – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүріп жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша үлес қосатын адам. Мен сіздерді білім алуға, ізденуге, бәсекеге қабілетті ұрпақ болуға шақырамын» деді имам Мақсот Бағытжанов.

Мерекелік шара 15 баланы қамтыды.