Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде іске қосылған қайырымдылық бөлмесінде бір айдың ішнде 40 жанұяға азық-түлікпен көмек берілген.
«Қайырымдылық бөлмесі қазіргі уақытта қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ет өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыш сатып алынды. Бр айдың ішінде мұқтаж 40 отбасына азық-түлікпен және қаржылай көмек берілді. Қайырымдылық шараларына жауапты екі адам, яғни Ғарифолла Сапарұлы мен Серік Базарбайұлы бекітілді. Ізгілік шаралары жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Қайырымдылық шараларына мешіт қызметкерлері өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, «Мәулімберген» мешітінің қызметкері Орынбасар Сұлтанов үш жанұяға азық-түлік апарып, көмек көрсетті.